АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин лауазымды қызметте кандидатурасын қолдаған депутаттарға алғыс айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Құрметті депутаттар, құрметті әріптестер! Ең алдымен мені тағы да осы жоғары лауазымды қызмет – мәжіліс төрағасы ретінде сайлағандарыңызға шын жүректен алғысымды білдіремін. Ең біріншіден, бұл мен үшін өте үлкен жауапкершілік", - деді Нығматулин.
Мәжіліс төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүктеген міндеттерін орындау үшін, сайлаушылардың сенімін ақтау үшін барлық жинаған білімі мен тәжірбиесін жұмсауға уәде берді.
Оқи отырыңыз: Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы сайланды
Айта кетейік, парламенттің жетінші шақырылымының жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин мәжіліс төрағасы болып сайланды.