Әлем

Германияда Pfizer вакцинасын салдырған он адам қайтыс болды

Вакцинаны инфекция жұқтыруы мүмкін қауіпті топтағы азаматтар алған. Бұған дейін әртүрлі аурумен ауырған олардың қатарындағы алты науқаста анафилактикалық реакция пайда болған
Sputnik

АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Пауль Эрик институтының сарапшылары Pfizer/BioNTech шығарған коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырған он науқастың қазасы туралы мәліметтерді тексеріп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.

Институттағы дәрі-дәрмектердің қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Бригитте Келлер-Станиславски болған жағдай мен вакцинацияның арасында байланыс жоқ деп санайды.

27 желтоқсан күні Германияда америкалық Pfizer компаниясы мен BioNTech неміс стартапының вакцинасын егу басталды. Ең алдымен 80 жастан асқан адамдар, қарттар үйінде тұратындар, сол мекеменің қызметкерлері және медицина қызметкерлеріне салынады. 14 қаңтарға дейін 842 мың адамға вакцина салынды.

"Паллиативті емдеуде болған көптеген ауруы бар өте ауыр жағдайдағы науқастарға салынды. Мәліметтерге сәйкес, олар бұрыннан бері бар ауру салдарынан қайтыс болды, ол тек вакцинация уақытына сәйкес келген", – деді Бригитте Келлер-Станиславски.

Айтуынша, қайтыс болғандар 79-дан 93 жасқа дейінгі адамдар, олардың бұған дейін ауруы болған. Олар коронавирус жұқтыруы мүмкін адамдар тобына кіргендіктен, вакцина салынды. Вакцинация мен өлімнің арасы бірнеше сағаттан төрт күнге дейін созылған.

Сондай-ақ, Пауль Эрик институты алты адамда вакцина егуге анафилактикалық реакция болғанын білді.

Оқи отырыңыз: Вакцина әсері ме: желіде арқасы тұтас қызарған сәбидің суреті талқыланып жатыр

Жалпы алғанда 325 адамда вакцинаға жанама әсер болған, олардың 51-і ауыр деп бағаланды. Бұл 1000 адамға шаққанда 0,53 процент үлесінде жанама әсер пайда болатынын, 0,08 процент ауыр жанама әсері бар екенін көрсетті.

Келлер-Станиславскидің айтуынша, мұндай нәтиже болатыны болжанған және бұл АҚШ-тағы вакцинация статистикасына сәйкес келеді.