Қоғам

Денсаулық сақтау жүйесі адам өмірін бірінші орынға қоюы қажет – мемлекет басшысы

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев отандық денсаулық сақтау саласын жаңғыртудың маңызы зор екенін атап өтті
Sputnik

АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың салауатты өмір салтын ұстануы дені сау ұлтты қалыптастырудың негізгі шарты екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның пайымынша, денсаулық сақтау жүйесі науқастар мүддесін, денсаулығы мен адам өмірін бірінші орынға қоюы қажет.

"Азаматтардың салауатты өмір салты – салауатты ұлтты қалыптастырудың негізгі шарты. Сондықтан бұқаралық және балалар спортына ерекше назар аудару керек. Бұл туралы Жолдауда да айттым. Бұл стратегиялық маңызы бар басым міндет екенін қайталап айтамын", - деді ол жетінші шақырылған парламенттің алғашқы отырысында.

Сондай-ақ, президент отандық денсаулық сақтауды жаңғыртудың маңызы зор екенін атап өтті. Пандемия кезінде бұл мәселенің өзекті екені байқалған.  

Оқи отырыңыз: Президент саяси жүйеге қатысты тың ұсыныс жасады

Айта кетейік, Қазақстанда 10 қаңтарда мәжіліс депутаттарын сайлау өтті. Парламентке үш партия келді. Содан кейін заңға сәйкес, үкімет отставкаға кетті. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылған парламенттің алғашқы сессиясына қатысты.