Саясат

Президент Құспанды қызметінен босатты

Ол 2018 жылы Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі елшісі және Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант шарты ұйымындағы Қазақстан өкілдігінің басшысы қызметіне тағайындалған болатын
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Президент жарлығымен Айгүл Құспан қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорда

"Мемлекет басшысының жарлығымен Айгүл Сайфоллақызы Құспан Қазақстанның Бельгия корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстанның Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан өкілдігінің басшысы қызметін қоса атқарудан босатылды", - делінген ресми хабарламада. 

Айта кетейік, 59 жастағы Айгүл Құспан Nur Otan-ның партиялық тізімі бойынша мәжіліс депутаттағына өтті. 

Президент Құспанды қызметінен босатты

2018 жылы ол Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі елшісі және Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант шарты ұйымындағы Қазақстан өкілдігінің басшысы қызметіне тағайындалған болатын.

Оған дейін сыртқы істер министрлігінің Еуропа департаментін басқарған. Еуропа мен Америка департаментінің бөлім басшысы болды. Қазақстанның Латвиядағы елшілігінде кеңесші қызметін атқарды.