Қоғам

Елбасы кітапханасының директоры қызметінен босатылды 

Әмірхан Рахымжанов 10 қаңтарда өткен сайлаудың нәтижесі бойынша Nur Otan партиясының атынан мәжіліс депутаттығына өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысының өкімімен Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорда. 

Әмірхан Рахымжанов 10 қаңтарда өткен сайлаудың нәтижесі бойынша Nur Otan партиясының атынан мәжіліс депутаттығына өтті.

Елбасы кітапханасының директоры қызметінен босатылды 

Ол "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне 2019 жылы тағайындалған болатын. Бұған дейін кітапхана директорының орынбасары, ал 2015-2017 жылдары білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшы қызметін атқарды. 

Ал 2014-2015 жылдары мәжілістің V шақырылым депутаты болған. Парламенттің төменгі палатасына Nur Otan-ның партиялық тізімі бойынша өтті.