Өңірлер

Полицейлер қымбат телефонды мың теңгеге "сатып алған" адамды ұстады  

Қызылорда облысының тұрғыны есік алдында отырған 5 жасар балаға 1000 теңге ұстатып, "Galaxy S10" ұялы телефонын алып кеткен
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Түркістанда алаяқ 5 жасар баланы алдап, қымбат ұялы телефонын 1 000 теңгеге сатып алған, деп хабарлады Polisia.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Оның есік алдында отырған 5 жасар немересіне белгісіз біреу 1000 теңге ұстатып, "Galaxy S10" ұялы телефонын алып кеткен. Шығынның жалпы көлемі 150 мың теңгені құрады.

Оқи отырыңыз: Сарапшы банк қызметкерін телефон алаяғынан қалай ажыратуға болатынын айтты

"Тәртіп сақшылары бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Төрт сағаттың ішінде күдікті ұсталды. Ол Қызылорда облысының тұрғыны болып шықты. Қолды болған ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды", - дейді полицейлер.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды. Ал қылмыстық іс сотқа жолданды. Тергеу кезінде күдіктінің Қызылорда облысындағы төрт пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Сондай-ақ, оның іздеуде жүргені белгілі болды.