Өңірлер

Сүйіктісімен жыныстық қатынасқа түскені үшін сотталған бозбала қамаудан босатылды

Сот алқасы жас жігіттің кәмелетке толмағанын, оның өкінгенін, оң мінездеме берілгенін, жәбірленуші мен оның заңды өкілінің пікірін ескерді  
Sputnik

АЛМАТЫ, 13 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық инстанциясы 15 жастағы сүйіктісімен жыныстық қатынасқа түскен 17 жастағы бозбалаға қатысты жазаны жеңілдетті. Оған үш жылға бас бостандығынан айырудың орнына бір жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Ақтөбе облыстық соты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 122-бабы үшінші бөлігінің бірінші тармағы "16 жасқа толмаған адаммен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсу" бойынша сотталған азаматқа қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қарады.

Оқи отырыңыз: Ақтөбелік бозбала сүйіктісімен жыныстық қатынасқа түскені үшін үш жылға сотталды 

Егер жыныстық қатынас бірнеше жасалған болса, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Бұл ерекше ауыр қылмысқа жатады. Заң егер жазаны жеңілдететін ерекше мән-жайлар болса, неғұрлым жеңіл жазаны қолдануға мүмкіндік береді (Қылмыстық кодекстің 55-бабы, 4-бөлігі).

"Сот алқасы бозбаланың кәмелетке толмағанын, оның өкінгенін, оң мінездеме берілгенін, жәбірленуші мен оның заңды өкілінің пікірін осындай мән-жайларға жатқызды", - деп хабарлады сот.

Осыған байланысты сот жасөспірімге бір жыл алты айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, қамаудан босатты.