Қоғам

Sputnik Қазақстан сілтеме жасалатын ресурстардың үздік жүздігіне енді

Желтоқсан айының қорытындысы бойынша Sputnik Қазақстан алғаш рет Brand Analytics жасайтын рейтингіге кірді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Brand Analytics талдау жүйесі контенті сілтемелер арқылы жылдам таралатын орыс тілінде жазатын үздік 100 ресурсты жариялады, бұл рейтингіге Sputnik Қазақстан желтоқсан айының қорытындысы бойынша алғаш рет кірді.  

Үздік жүздіктегі бірінші орынды РИА Новости, үшінші орынды орыс тіліндегі RT иеленді. Sputnik Қазақстан рейтингіге алғаш рет кіріп, 91-орынға жайғасты.

Оқи отырыңыз: Sputnik Қазақстан тілшісі тәуелсіздік күніне арналған байқаудың жеңімпазы атанды 

Сондай-ақ Орбита Спутник 59-шы, Украина.ру 90-шы орыннан көрінді.   

"Желтоқсан айының рейтингі Қазақстандағы жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының көрсеткіштерінде кері серпіліс бар екенін анықтады. Соған қарамастан Sputnik Қазақстан өз оқырмандарына өзекті контент ұсына алды", - деді Brand Analytics маркетинг жөніндегі директоры Василий Чёрный.

Рейтингті есептеу үшін ВКонтакте, Одноклассники, Twitter, Facebook, Instagram, YouTube, Мой Мир, МирТесен әлеуметтік желілері, сондай-ақ блогтар, форумдар, мессенджер каналдары кіретін орыс тілді әлеуметтік медиа хабарламалардың бір айлық легі талданады.   

Brand Analytics – әлеуметтік медиа мен бұқаралық ақпарат құралдарын бақылап, талдайтын ТМД нарығындағы жетекші жүйе.