Саясат

"Ақ жол" партиясы мәжіліске өткен 12 депутаттың тізімін жариялады

Мәжіліс сайлауының қорытындысы бойынша "Ақ жол" партиясына 12 мандат бұйырды, алтыншы шақырылымда партиядан төменгі палатаға тек жеті депутат барған еді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. "Ақ жол" партиясы парламент мәжілісінің жетінші шақырылымына өтетін 12 депутаттың аты-жөнін жариялады.

"Ақ жолдың" баспасөз қызметінің ақпаратынша, сейсенбі күні пленумда партия мүшелері парламентік сайлаудың қорытындысын талқылады. Пленумның бірауыздан қабылдаған шешімімен депутаттар мандаты былай бөлінді:

  • Азат Перуашев – фракция басшысы
  • Азамат Әбілдаев
  • Ерлан Барлыбаев
  • Берік Дүйсембинов
  • Серік Ерубаев
  • Дания Еспаева
  • Айгүл Жұмабаева
  • Қазыбек Иса
  • Андрей Линник
  • Ерлік Өмірғали
  • Мақсат Раманқұлов
  • Азат Сембинов.

Қара шрифтпен мәжілістің қазіргі VI шақырылымында депутат болған партия мүшелері көрсетілген.

Мәжіліс сайлауы

Осы жылдың 10 қаңтарында Қазақстанда парламент сайлауы өтті.

Сайлау нәтижесі бойынша:

  • Nur Otan партиясы – 71,09%;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы –10,95%;
  • Қазақстан халық партиясы – 9,1%;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы – 5,29%;
  • "Адал" партиясы – 3,57%.

Сайлаушылардың 7%-тен астам дауысын жинаған партиялар парламенттің төменгі палатасына өтті.

12 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясы үш партияның қанша мандат алғанын жариялады. "Nur Otan" партиясы – 76 мандат, "Ақ жол" демократиялық партиясы – 12 мандат, ал Қазақстанның халық партиясы 10 мандат алды.