НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өткен аптада коронавирус инфекциясынан 30 адам қайтыс болды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
4 мен 10 қаңтар аралығында республика бойынша COVID-19-дан 30 науқас көз жұмды.
Антирейтингте Алматы қаласы көш бастаған: оңтүстік мегаполисте бір аптада сегіз адам қайтыс болды.
Өңірлер бойынша:
- Алматы қаласы – 8;
- Нұр-Сұлтан қаласында – 4;
- Шығыс Қазақстан облысында – 4;
- Алматы облысында – 4;
- Атырау облысында – 3;
- Ақтөбе облысында – 2;
- Павлодар облысында – 2;
- Батыс Қазақстан облысында – 1;
- Қостанай облысында – 1;
- Жамбыл облысында – 1.
Жалпы Қазақстанда пандемия басталғалы бері індеттен 2 349 адам қайтыс болды.