Саясат

Қоңыров Exit poll нәтижесіне қатысты ойын бөлісті

Қазақстанның халық партиясының басшысы парламент мәжілісі сайлауының өтуі туралы өз пікірін білдірді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров Exit poll нәтижесіне қатысты ойын бөлісті. Жарияланған ақпаратқа сәйкес, оның партиясы мәжіліске өтеді.

"Экзитполдың алдын ала қорытындысы бойынша біздің партияның көрсеткіші жоғары. Егер мәлімет расталса, сайлау дұрыс, заңды өтті деп санаймыз", - деді ол Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Қазақстанның халық партиясынан бөлек, Nur Otan мен "Ақ Жол" да мәжіліске өтеді.

10 қаңтарда өткен парламенттік сайлауда сайлаушылардың 63,3 проценті өз таңдауын жасады. Exit-poll-ға сәйкес, бұған дейін мәжілісте болған үш партия тиісті дауыс санын жинап отыр.

Парламенттік сайлауда Exit-poll нәтижесі бойынша

  • Nur Otan –  71,97%;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы – 10,18 %;
  • Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистер) – 9,03%;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы – 5,75%;
  • "Адал" партиясы – 3,07%.

Мәжіліске өту үшін партия кем дегенде 7 процент жинауы тиіс болатын.