НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Шымкент полицейлері жоғалып кеткен әуежай қызметкерін тапты.
Бұған дейін хабарланғандай, 2020 жылдың 31 желтоқсанында Шымкент тұрғыны, төрт баланың анасы жұмысқа кетіп, содан қайта оралмаған. Оның телефоны сөндірулі болған. Оны жұмыс орнынан (әуежайдағы ұшақтардың салонын жуған) ешкім ресми босатпаған.
Ағасымен ренжісіп қалған: Сарыағашта жоғалып кеткен 13 жастағы қыз табылды
Жедел-іздестіру шаралары кезінде 2021 жылдың 9 қаңтарында із-түзсіз жоғалған әйел Алматыдан табылған.
"Оның денсаулығы мен өміріне ешқандай қауіп жоқ. Тексеру барысында анықталғандай, ол отбасылық жанжалға байланысты үйінен кетіп қалған", - деп хабарлады полиция.
Ведомство ақпаратына сәйкес, келесі күні-ақ шымкенттік тұрғын өз үйіне жеткізілген.
Жоғалған әйелдің күйеуі жұбайын дін аман тауып алып келгендері үшін полицейлерге алғыс айтты.