Фото

Пандемия кезіндегі сайлау қалай өтті – фото

Sputnik

Sputnik Қазақстан фотографтары дауыс беру кезіндегі маңызды сәттің ешбірін қалт жібермеді.

Осы жылы коронавирус пандемиясы салдарынан Қазақстандағы сайлауды ұйымдастыру түбегейлі өзгерді.

Жаңа жағдайда қазақстандықтардың қалай дауыс бергенін фототоптамадан тамашалаңыз.

Сайлау учаскелері кешкі сағат сегізге дейін жұмыс істеді де, одан кейін бюллетендерді санау басталды.

Оқи отырыңыз: Аңыз әңгімелер негізінде салынған әлемдегі таңғажайып көпірлер – фото

Дауыс беру аяқталғаннан кейін екі аптаның ішінде аймақтың сайлау комиссиялары облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша сайлау қорытындысы туралы хаттамаларды Орталық сайлау комиссиясына ұсынуы керек.

ОСК жеті күннің ішінде – 2021 жылдың 7 қаңтарына дейін мәжіліс сайлауының соңғы қорытындысын жариялайды.

1 / 24
Елдің көп аймақтарында сайлау учаскелері сағат 07:00-де ашылды. Дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды.
2 / 24
Жалпы ел аумағында 10 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылды.
3 / 24
Қорғаныш әйнек, бетперде, медициналық халат пен қолғап – коронавирус пандемиясы кезіндегі міндетті талап. Сайлау учаскелерінде бұл талап қатаң сақталды.
4 / 24
Қазақстанда сайлау комиссиясының мүшелері осындай қорғаныш киімін киюі алғаш рет.
5 / 24
Дауыс беру учаскесіне кіреберісте сайлаушылардың дене қызуы тексеріліп, қолғаптар берілді.
6 / 24
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайының ғимаратында орналасқан сайлау учаскесіне келді.
7 / 24
"Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" ғимаратындағы учаскеде дауыс берді.
8 / 24
Премьер-министр Асқар Мамин де алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Ол елордадағы №138 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
9 / 24
Әскери оқу орындарындағы курсанттар мен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін әскери бөлімшелер мен әскери оқу орындарында 19 сайлау учаскесі құрылып, мұнда дауыс беру мерзімінен бұрын аяқталды.
10 / 24
Нұр-Сұлтандағы №144 сайлау учаскесінде неке қидырған жас жұбайлар дауыс берді. Өмірлеріндегі мұндай маңызды күнге қарамастан Фархат Жанбеков пен Ботагөз Қалтаева азаматтық борышын өтеді.
11 / 24
Сайлаушылар учаскелерге балаларымен де келді.
12 / 24
Алматыдағы дауыс берушілер белсенділігі төмен, ал Жамбыл облысындағы дауыс беру көрсеткіші жоғары деңгейде болды.
13 / 24
Осы жылы коронавирус пандемиясы салдарынан Қазақстандағы сайлауды ұйымдастыру түбегейлі өзгерді.
14 / 24
Сайлау комиссиясының мүшелері мен бақылаушылар шыны әйнектің арғы жағында отырды.
15 / 24
Дауыс беру кабиналарында санитарлық тазалау тұрақты жүргізіліп тұрды.
16 / 24
Сайлау учаскелерінде әлеуметтік қашықтық сақталды. Ол үшін еденге арнайы белгілер қойылды.
17 / 24
Бюллетеньдерге арналған жәшіктер бөлменің ортасына қойылған. Ал кабиналар бір-бірінен перделермен бөлініп тұрды.
18 / 24
Қазақстан ОСК мәліметі бойынша, дауыс берушілердің жалпы саны 11 миллион 919 мыңнан асуы керек болатын.
19 / 24
Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскелердің бірінде бюллетеньдерге арналған сейфтің ашылғаны анықталды.
20 / 24
Елдегі сайлау кезіндегі тәртіпті 40 мыңнан астам құқық қорғаушы бақылады.
21 / 24
Қазақстандағы сайлауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден келген үш жүзден астам бақылаушы қатысты.
22 / 24
Сағат 20:00-де Қазақстанның басым бөлігінде дауыс беру аяқталды. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауыс беру бір сағатқа кеш аяқталды. Себебі, бұл аймақтар басқа уақыт белдеуінде орналасқан.
23 / 24
18 жасқа толған әрбір қазақстандық сайлауға қатыса алды.
24 / 24
Сағат 21:00-де Қазақстанның барлық аймағында дауыс беру аяқталып, бюллетеньдерді санау басталды.