Өңірлер

Оралдағы алаңда жыртылған мемлекеттік ту желбіреді

Ауа райының қолайсыздығы салдарынан Орал қаласындағы Тұңғыш президент алаңы мемлекеттік рәмізсіз қалды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Оралдағы басты алаңда орналасқан Қазақстанның үлкен мемлекеттік туы жыртылды, деп хабарлады "Мой город" порталы.

Бүлінген мемлекеттік рәміздің видеосын қала тұрғындары әлеуметтік желілерде жариялады.

Оралдағы алаңда жыртылған мемлекеттік ту желбіреді

Орал қаласының ішкі саясат бөлімі тудың ауа райы жағдайына байланысты – қатты желден жыртылғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта ту алынып тасталды, жақын арада Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік туы ілінеді.