НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар — Sputnik. Түркия президенті Режеп Ердоған WhatsApp қосымшасынан бас тартты, деп жазады РИА Новости.
Оның мұндай шешім қабылдауына мессенджерді қолдану саясатының өзгеруі себеп болған.
Енді Түркия президентінің әкімшілігі бұған дейін WhatsApp-та құрылған топтарды Turkcell Iletisim Hizmetleri AS-ке тиесілі BiP қосымшасына көшіреді.
Эрдоғанның баспасөз қызметі журналистерге осы қосымшаға ауысуға кеңес берді.
Еске сала кетсек, бұған дейін WhatsApp қолданушылары ақпаратты Facebook-пен бөлісуге міндеттеген еді. Өйткені Facebook WhatsApp операторы акциясының бақылау пакетіне ие.