Қоғам

"Ұялмаймын": Депутат Божко парламентте ұйықтамай жұмыс істегенін айтты

Владимир Божко депутаттар бес жыл бойы қауырт жұмыс істеп, әлеуметтік және қаржылық қолдауды күшейтетін көптеген заң қабылдағанын атап өтті  
Sputnik

АЛМАТЫ, 11 қаңтар – Sputnik. Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко жаңа шақырылымда бұл қызметті атқармайтынын мәлімдеді.

Ол президентке және парламент басшылығына заң шығару процесінде тәжірибе жинақтауға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Рақмет. Мен тіпті Facebook-те де жарияладым. Болды, мырзалар, тынышталыңыздар. Кейбіреулер мені зейнетке шығарғысы келетін. Мен кетемін", - деді Божко.

Алайда ол болашақта қандай іспен айналысатынын шешпегенін айтты.

"Жеті немерем бар, сондықтан істейтін жұмыс бар", - деп толықтырды ол.

Божко президент пен парламент басшылығына алғыс айтты.

"Себебі менің жасымда... Ең бастысы мен мұнда бай тәжірибе жинадым. Бұған дейін де заң шығару процесінде қызмет еттім, бірақ бұл жерде, әрине, барлығына қажет теңдессіз тәжірибе бар. Ол тәжірибе маған әлі де көмектеседі. Сондай-ақ, мен мәжілісті басқарудың өте тиімді процесінде қызмет еттім, ал оны Нұрлан Зайроллаұлы (Нығматулин) басқарды. Ол бұл салада біздің академик. Ешкім ұйықтамады, барлығы қауырт жұмыс істеді", - деді Божко.

Айтуынша, 2019 және 2020 жылдары әлеуметтік және қаржылық қолдауды күшейтетін көптеген заң қабылданды.

"Екіншіден, қабылданған заңдарға сәйкес екі триллионға жуық теңге жалақы және әлеуметтік жәрдемақы түрінде азаматтарға берілді. Мен, қиналсам да, бес жыл жұмыс істегеніме ұялмаймын", - деп түйіндеді ол.

Оқи отырыңыз: Бүгін парламенттің тағы тоғыз депутаты сайланады

2016 жылы өткен парламент сайлауында Владимир Божко Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің атынан VI шақырылымның депутаты болып сайланды. Ол мәжіліс төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Айта кетейік, 2021 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан халқы ассамблеясынан мәжіліс депутаттығына кандидаттар үшін дауыс беру басталды. ҚХА төрағасы – тұңғыш президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.