Қоғам

Әлеуметтік желіде танымал болған шопан бала ұсталды  

Тiк-Ток әлеуметтік желісінде оқырманы көп шопан ретінде танылған Әбдіқадыр Наурызбек өз жанкүйерлерімен кездесу ұйымдастырған
Sputnik

АЛМАТЫ, 10 қаңтар — Sputnik. Алматы облысы полиция департаментінің қызметкерлері Талдықорғандағы дәмханалардың бірінде әлеуметтік желіде танымал жамбылдық шопанды ұсталды. Ол тамақтану орнында оқырмандарымен кездесу өткізіп, карантин талаптарын өрескел бұзған.

Танымал тиктокердің қамауға алынғаны жайлы видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Алматы облысының полициясы роликке қатысты түсініктеме берді.

"9 қаңтарда Талдықорғандағы дәмханалардың бірінде жасөспірімдер жиналған. Анықтау барысында осы нысанда Жамбыл облысының тумасы – Тiк-Ток жұлдызы 200-ге жуық оқырманымен кездесу ұйымдастырғаны белгілі болды", - деді өңірлік полиция департаментінің бапасөз қызметі.

Блогерге қатысты материал жинақталып, шара қолдану үшін құжат Жамбыл облысы полиция департаментінің ювеналдық полициясы қызметкерлеріне жолданады.

Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарды бұзғаны үшін дәмхана иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.