НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 63,1 проценті дауыс берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санынан 63,1%-і алды.
Өңірлер арасында:
- Ақмола облысы – 72,8%,
- Ақтөбе облысы – 57, 7%,
- Алматы облысы –73,5 %,
- Атырау облысы – 55,5%,
- Батыс Қазақстан облысы – 61,5 %,
- Жамбыл облысы – 72,2%,
- Қарағанды облысы – 70,7%,
- Қостанай облысы – 71,8%,
- Қызылорда облысы – 72,7%,
- Маңғыстау облысы – 54,0 %,
- Павлодар облысы – 71,3%,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 75,5%,
- Түркістан облысы – 65,8 %,
- Шығыс Қазақстан облысы – 72,4 %,
- Алматы қаласы – 30,3%,
- Шымкент қаласы – 56,5%,
- Нұр-Сұлтан қаласы –45,1 %.
Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуының алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 22.00-де жарияланады.
Жексенбі, 10 қаңтарда Қазақстанда парламенттің төменгі палатасы – мәжіліске депутаттарды сайлау өтті. Дауыс беру елорда уақытымен 07:00-ден 20.00-ге дейін жалғасты.
53 мемлекетте Қазақстанның шет елдердегі өкілдіктері жанынан 66 сайлау учаскесі ашылды. АҚШ пен Канададағы қазақстандық сайлаушылар дауыс беруді 11 қаңтар Нұр-Сұлтан уақытымен 07.00-де аяқтайды.
Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қорытындысын жеті күн ішінде – 2021 жылдың 17 қаңтарына дейін жариялайды.