НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар — Sputnik. Сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 58,2%-і сайлау бюллетенін алды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев мәлімдеді.
"2021 жылдың 10 қаңтарында елорда уақытымен 18:00-дегі мәлімет бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 58,2%-і сайлау бюллетенін алды", - деді Дауылбаев брифингте.
Мәселен, 2016 жылы сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша дауыс берушілердің 75,16%-і сайлау бюллетенін алған болатын.