НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласының жаңа бас санитар дәрігері болып тағайындалды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға қала әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева растады.
"Сархат Бейсенова 29 желтоқсанда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жетекшісі және бас санитар дәрігер қызметіне тағайындалды", - деп хабарлады Ақмарал Олжабаева.
Сархат Бейсенова 2020 жылдың мамырында декреттік демалысқа шыққанша дейін елорданың санитар дәрігері қызметін атқарған. Осы уақытта оның орнында Жанна Пралиева отырды. Қазір ол эпидемиологиялық мәселелер бойынша жетекші орынбасары болып еңбек етіп жүр.
2018 жылы Сархат Бейсенова астананың үздік эпидемиологы атанып, Altyn shipager ("Алтын дәрігер" премиясын алды.