Саясат

Назарбаев түнде "Nur Otan" партиясының штабына келді

Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру аяқталғаннан кейін жеті күннің ішінде сайлаудың соңғы қорытындысын жариялайды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламенттік сайлау бойынша Exit-poll нәтижесімен танысу үшін "Nur Otan" партиясының штабына келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

"Нұрсұлтан Назарбаев экзит-полл нәтижесімен танысу үшін "Nur Otan" партиясының республикалық сайлауалды штабына келді", - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де. 

"Қоғамдық пікір" зерттеу институты елорда уақытымен сағат 00.00-де Exit-poll нәтижесін жариялады. 
Оған сәйкес, "Nur Otan" партиясы сайлаушылардың 71,97% даусын жинаған. 

Өзге партиялар: 

  • "Ақ жол" демократиялық партиясы – 10,18 %;
  • Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистер) – 9,03%;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы – 5,75%;
  • "Адал" партиясы – 3,07%.

Айта кетсек, 7 проценттік межеден асқан саяси партиялар мәжіліске өтеді.

Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру аяқталғаннан кейін жеті күннің ішінде сайлаудың соңғы қорытындысын жариялайды.