Оқиға

Маңғыстауда дауыс беруге келген ер адам күтпеген әрекет жасады

Бұған дейін Заппаров заңсыз митингілер кезінде ұсталған азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылмағанын мәлімдеген болатын
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысында сайлау учаскесіне дауыс беруге келген мас ер адам урнаның қақпағын сындырып тастады. Ұсақ құқықбұзушылық жайлы ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Заппаров дауыс беру күні қай өңірлерде қоғамдық тәртіп бұзылғанын айтты.

"Мұндай фактінің біреуі Маңғыстау облысында тіркелді. Орташа дәрежеде мас болған азамат ұсақ бұзақылық жасады. Ол урнаның қақпағын сындырды", - деді ішкі істер министрінің орынбасары. 

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында да сайлау учаскесіне мас ер адам келген. Ал Алматыда блогерлердің бірі комиссия мүшелерінің жұмысына кедергі жасады. 

Бұған дейін Заппаров заңсыз митингілер кезінде ұсталған азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылмағанын мәлімдеген болатын.