Әлем

Индонезияда құлаған ұшақтың қара жәшігі табылды

Апатқа ұшыраған жолаушылар лайнерінің сынықтары Ява теңізінің табанында 20 метрден астам тереңдікте жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Құтқарушылар индонезиялық Sriwijaya Air авиакомпаниясының құлаған ұшағының қара жәшігін тапты, деп хабарлайды Франс Пресс.

Құтқарушылар бұған дейін Ява теңізінде лайнердің құлаған орны болуы мүмкін тұсты болжаған болатын. Енді олар ұшақ сынықтары 23 метр тереңдікте жатқанын мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

Индонезияда құлаған ұшақтың қара жәшігі табылды

Индонезиядағы ұшақ апаты

Sriwijaya Air әуе компаниясының Boeing 737-500 ұшағы бір күн бұрын апатқа ұшырады. Джакарта әуежайынан ұшып шыққаннан соң бірнеше минуттан кейін лайнер радар экранынан жоғалып кетті. Көп ұзамай Лаки аралының маңына құлағаны белгілі болды. Индонезияның іздеу-құтқару басқармасының хабарлауынша, ұшақтан алдын ала апаттық белгі жөнінде ақпарат түспеген.

Әуе компаниясының дерегінше, бортта 62 адам болған: 56 жолаушы мен алты экипаж мүшесі. Олардың барлығы индонезиялықтар.

Әзірге апаттың себептері айтылған жоқ. Бұған дейін Flightradar24 қызметі лайнердің аз ғана уақыт ішінде 3,3 шақырым биіктікке көтерілгенін хабарлаған.

Оқи отырыңыз: Алматы түбіндегі ұшақ апаты: прокурорлар тергеу барысы туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.