АЛМАТЫ, 10 қаңтар – Sputnik. Сайлау өтіп жатқан 10 қаңтарда түске дейін Атырау облысында 12 сәби дүниеге келді. Соның ішінде бір баланың ата-анасы баланың есімін елдегі саяси оқиғамен байланыстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Осылайша, Атырау облысының тұрғыны Шынар Төлеушова баласының атын Сайлау деп қойды.
"Отбасымызда балаларға мағынасы бар ерекше ат қою дәстүрге айналған. Мысалы, үшінші қызымызды Құралай деп атадық. Бұл ол оншақты күн ауа райы құбылатын көктем мезгілі. Ол уақытта 2-3 күн қатты жел болып, жаңбыр жауады. Ал бүгін сайлау күні дүниеге келген төртінші қызымызға барлығы үшін маңызды күнмен байланысты ат қойдық", - деді әйел.
Оқи отырыңыз: Перуашев дауыс бергеннен кейін Ақтөбе облысындағы келеңсіз оқиға туралы айтты
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, сайлау күні Атырау облысында 12 сәби дүниеге келді: 5 ұл және 7 қыз.
Айта кетейік, 10 желтоқсанда Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Елдің басым бөлігінде сайлау учаскелері сағат 07:00-де ашылды. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-де аяқталады.