Өңірлер

COVID-19: облыстардың бірінде жаңа қаулыға қол қойылды

Бас санитар дәрігер, жексенбі, 10 қаңтар күні қоғамдық көлік қозғалысына рұқсат берді. Бұл күні мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өтеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар — Sputnik. Қостанай облысының бас санитар дәрігері Владимир Нечитайло екі қаулыға қол қойды.

Санитарлық бекеттерді орнату

Санитарлық дәрігер Қостанай облысы аумағынан көлікпен Қазақстан мемлекеттік шекарасына өтетін жерде санитарлық бекеттер орнатуды тапсырды.

Құжатта қала мен аудан әкімдеріне, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне, құқық қорғау органдарына мынаны қамтамасыз ету тасырылды:

  • Қостанай облысы аумағынан көлікпен Қазақстан мемлекеттік шекарасына өтетін жерде бекеттер орнату; 
  • қаларалық, облыс ішіндегі автобус, шағын автобустар қозғалысын жандандыру. Ішіндегі жолаушылар саны сыйымдылығының 75 процентінен аспауы тиіс. Бетперде тағу міндетті. Соңғы аялдамада зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Демалыс және мереке күндері тоқтайды.
  • 06.00-23.00 аралығында қалалық қоғамдық көлік қозғалысына рұқсат беріледі. Жолаушылар маскасыз кіре алмайды, барлық есіктер ашылуы қажет;

  • такси қызметінің уақытына шектеу қойылмайды. Алайда жүргізуші де, жолаушы да бетперде тағуы шарт;

  • өңірлер арасында жеке көлікпен жүруге болады;
  • тұрғындар облыстағы елді мекендер арасында емін-еркін жүре алады. Алайда маска режимі мен әлеуметтік қашықтық сақталуы қажет. Бір отбасы адамдарын есептемегенде 3 адамнан көп жүруге болмайды, уақыт бойынша шектеу қарастырылмаған;

  • 65 жастан асқан адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойылып отыр. Дүкенге, дәріханаға, медициналық мекемелерге, қоқыс шығаруға, үй жануарларымен серуендеуге, сайлау учаскесіне баруға рұқсат.

Қоғамдық көлік қозғалысы

Бас санитар дәрігер, жексенбі, 10 қаңтар күні 06.00-23.00 аралығында қоғамдық көлік қозғалысына рұқсат берді. Бұл күні мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өтеді. 

Бұған дейін өңірде жексенбі күні автобус жүрмеді.