НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Алдағы жексенбіде, 10 қаңтар күні елордада автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды.
CTS көлік компаниясының мәліметінше, автобустар қалыпты бағдар бойынша қатынайды.
"Жексенбі, 10 қаңтарда елордадағы қалалық автобустарда жол жүру тегін болады. Қоғамдық көлік қалыпты кестемен сағат таңғы 06:00-ден түнгі 23:00-ге дейін қатынайды", – делінген хабарламада.
Ал 11 қаңтардан бастап қоғамдық көлік штаттық режимде жол ақысы үшін қолма-қолсыз есеп айырысу негізінде жұмыс істейді.
Айта кету керек, пандемия кезінде бетпердесіз қоғамдық көлікке отыруға тыйым салынады.
Сонымен қатар, Талдықорған қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы 10 қаңтар күні шаһардағы көліктерде жол жүру тегін болатынын мәлімдеді.
Оқи отырыңыз: "Тегін тамақ, тегін жолақы" Сұлтанов жаңа әлеуметтік пакет жайлы айтты
Айта кетейік, Қазақстан мәжілісі мен мәслихаттарына сайлау 10 қаңтарда өтеді. Сайлау учаскелері таңғы 7-ден кешкі 20:00-ге дейін ашық болады.