Қоғам

Министрлік коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады

Қазір республика бойынша COVID-19 бен коронавирус белгілері бар пневмониядан 23 мыңға жуық науқас емделіп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Spunik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Бір тәулікте COVID-19-дан үш адам көз жұмды, коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар жоқ. Сондай-ақ, 831 адамда ПТР тест оң нәтиже көрсетсе, 76 адамда пневмония анықталды.

Жалпы пандемия басталғалы бері 160 650 қазақстандық вирус жұқтырды, 2 352 адам көз жұмды. Бірінші тамыздан бері 46 190 адам пневмониямен ауырды, 519 пациент қайтыс болды.

8 қаңтардағы мәлімет бойынша, қазір коронавирус инфекциясынан 22 776 адам (10 786 КВИ+ және 11 990 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 5 367 пациент стационарда, 17 409 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда COVID-ке шалдыққандар саны күрт өсті

Науқастардың арасында 291 адамның жағдайы ауыр, соның 49-ы хәл үстінде, 50 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.