Қоғам

Елбасы әйелдің үш түрі жайлы ой толғады

Қазақстанның тұңғыш президенті ер мен әйелдің арасында үлкен құрмет, сенім, өмір сүруді жеңілдететін махаббат болуы қажет екенін атап өтті
Sputnik

АЛМАТЫ, 8 қаңтар – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Штрихи к портрету" деректі фильмінде әйелдің үш түрі жайлы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өмірге ғашық болуды, махаббат сезімін – бәрін бастан өткердім. Құмарлық жастардың өзінде бал айынан кейін тарқайды, одан кейін бір-біріне деген құрмет қалады. Махаббат достыққа айналады. Оның бәрі өтті. Кейде менің ғашық болып қалғаным жайлы айтып жатқанын естимін. Сондай сәтте ілтипатыңызға рақмет деймін. Егер менің жасымдағы адамға осылай айтса, бұл жақсы қошемет", – деді Елбасы сұқбатында.

Сонымен қатар ол әйелдің қандай қасиетіне назар аудару қажет екенін айтты.

"Әйелдер әртүрлі болады. Бір әйел әдемі, сымбатты, оның әйелге тән нәзіктігі болады. Тағы бір әйел отбасы үшін, баласы үшін жаралады. Ол өте ұқыпты, жақсы көретін әйел, сенің нағыз досыңа айналады. Көмектеседі, кеңесін айтады. Қарым-қатынаста ешқандай құпия болмайды. Әйелдің үшінші түрімен басқа жақын байланыс болады, ол – махаббат, сезім. Егер осының бәрі бір әйелдің бойынан табылса, ол өте жақсы", - деді Назарбаев.

Қазақстанның тұңғыш президенті ер мен әйелдің арасында үлкен құрмет, сенім, өмір сүруді жеңілдететін махаббат болуы қажет екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Оны ұстап тұра алмадық – Назарбаев Айсұлтанның тәуелділіктен арыла алмағанын айтты 

Сонымен қатар Елбасы жас отбасылардың тез ажырасып кететіні қатты алаңдататынын да жасырмады.

"Неге бұлай болады? Себебі барлығы асығады. Бір-бірін тану керек. Егер қызға "сен әлемдегі ең ғажап қызсың" деп айтатын адамды әйелқұмар деуге болады. Салыстыратындай, ол әлемдегі бар қызды танып болып па? Немесе "сенің шашың немесе көзің әдемі" деп айту да әділ емес. Сенімен өмірдің қиындығы мен қуанышында қатар жүргім келеді десе, бұл басқа әңгіме", - деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев.