Елорда тынысы

Автоматты түрде ақша түсіп тұратын карта кімдерге беріледі

Халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған бірыңғай картаны осы жылдың ақпан айында енгізу жоспарланып отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтанда тұрғынның бірыңғай картасы қолданысқа енгізіледі. Бұл туралы қалалық цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы басшысының орынбасары Айдос Қолдасов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тұрғынның бірыңғай картасы – әлеуметтік осал азаматтар үшін электронды карта жасауды көздейтін жоба. Карта автоматты түрде толтырылып, қажетті тауарлардың шығыны бақылауға алынады.  

Оқи отырыңыз: 2021 жылы халықтың әл-ауқаты нендей күйде болмақ – экономистер болжам жасады 

"Карта ең алдымен барлығына ыңғайлы болады, адам әрі-бері сабылып жүрмейді, ол картамен өзіне қажетті заттарды сатып ала алады. Ақшаны осы қажетті заттарға ғана жұмсайды", - деді Қолдасов брифингте.   

Оның айтуынша, бұл картамен астаналықтар жақын арада ашылатын әлеуметтік дүкендер мен дәріханаларда төлем жасай алады.   

Әлеуметтік картаны 2021 жылдың ақпанында енгізу жоспарланып отыр.