АЛМАТЫ, 7 қаңтар – Sputnik. АҚШ Конгресі Капитолийдегі тәртіпсіздіктер мен Вашингтондағы коменданттық сағат кезінде Джо Байденнің АҚШ президенті болып сайлануын бекітті, деп хабарлады РИА Новости.
Байден Конгресс мақұлдаған сайлаушылардың 270-тен астам дауысын жинады.
Енді оның қарсыласының президент сайлауының нәтижесіне қарсылық білдіруге конституциялық мүмкіндіктері жоқ.
Талқылау Вашингтондағы тәртіпсіздіктер кезінде өтіп жатыр. Бұған дейін президент Дональд Трамптың жақтастары АҚШ Капитолийіне басып кірген еді. Тәртіпсіздік кезінде бір әйел жарақат алып, қайтыс болды. Тағы үш адам зорлық-зомбылық әрекетінен бөлек себептен көз жұмды.