Әлем

Ғалымдар адам өмірін қысқартатын өнімді атады

Зерттеу нәтижесінде қызыл ет жейтін ер адамдарда жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығу қатері жоғары екені анықталды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Қызыл ет ер адамдардың өмір жасын қысқартады. Бұл туралы Express басылымы америкалық ғалымдардың зерттеуіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сарапшылар 43 272 ер адамның мәліметтерін зерделеп шықты, олардың орташа жасы 53-ті құраған. Зерттеуге қатысқандар сынақ басталған сәтте жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулармен ауырмаған.

Анықталғандай, қызыл ет жейтін ер адамдарда жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығу қатері жоғары болды. Сарапшылар тамақ рационынан бұл өнімді алып тастау адам өмірін едәуір ұзартуы мүмкін деген тұжырымға келді.

Осыған байланысты мамандар қызыл етті дәнді дақылдармен алмастыруға кеңес берді.

Бұған дейін өмір жасын ұзартуға өсімдік өнімдері де септігін тигізетіні хабарланған еді.