Әлем

Армения президенті Лондонда ота жасатамын деп вирустың жаңа түрін жұқтырып алды

Армен Саркисян еңбек демалысына шығып, Жаңа жылды отбасымен және немерелерімен бірге Ұлыбританияда қарсы алды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Армения президенті Армен Саркисян коронавирустың жаңа түрін жұқтырды.

Мемлекет басшысы 3 қаңтарда Лондонда аяғына операция жасатқан. Ота сәтті өтті, алайда президенттен коронавирустың жаңа штаммының симптомдары анықталды. COVID-19-ға тапсырған тест оң нәтиже көрсетті.

Бұл туралы Sputnik Арменияға президент әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.  

Армен Саркисян ауырып қалғанына байланысты қашықтан жұмыс істейді.

Айта кетсек, еңбек демалысында жүрген Армения президенті Жаңа жылды отбасымен және немерелерімен бірге Ұлыбританияда қарсы алды.

Англияда коронавирустың жаңа, өте жұқпалы түрі таралып жатыр. Елде эпидемиологиялық жағдай нашарлап, билік қатаң карантин енгізуге мәжбүр болды.