Өңірлер

Алматы облысында қатып қалған құбырларды жылытудың ерекше әдісі видеоға түсіп қалды

Облыста ауа температурасының төмендеуіне байланысты су құбырлары қатып қалған, коммуналдық қызмет жұмысшылары оларды жылыту үшін от жаққан
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Желіде қатып қалған құбырларды резеңке баллондарды жағып, жылытып жатқаны түсірілген видео тарады. Бейнежазба Алматы облысының Талғар ауданында жасалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Видеодан бір топ жұмысшының құбырлардың жанында резеңке баллондарды өртеп жатқанын байқауға болады.

Желі қолданушылары түтін жақын маңдағы ауданға тарап жатқанын айтып наразылық білдірген.

Талғар ауданының әкімдігі осы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Әкімшілік су құбырларының қатып қалуына байланысты от жағуға мәжбүр болғанын мәлімдеді.

"Қотырбұлақ ауылын сумен жабдықтау көзі – өзен. Мердігер ұйым су құбырын 2015 жылы ашық әдіспен төсеген. Облыста ауа температурасының төмендеуіне байланысты су құбырлары қатып қалды", - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Ауыл халқын сумен үздіксіз қамту үшін құбырларды резеңке баллондарды жағу арқылы жылытуға тура келген. Қазір проблема жойылды.