Видео

Рим дәуірінің фастфуды: археологтар көне дәмхананы тапты – видео

Екі мыңға жуық жыл бұрын қираған Помпеиде алғаш рет жылдам тамақтану мейрамханасының орны табылды
Sputnik

Археологтар 150 көне дәмхананың бірін тауып, қалпына келтіріп жатыр.

Туристер жаңа жылдан бастап ежелгі Помпеидің жаңа көрікті жерін тамашалай алады. Көне дәмхана Везувий жанартауының атқылауынан кейін бірнеше қабат күлдің астында көміліп қалған.

Помпеи археологиялық саябағының директоры Массимо Осанна бұл археологтар тапқан алғашқы жақсы сақталған термополий екенін атап өтті.

Қазба орнынан саз балшықтан жасалған құмыралар, сондай-ақ, ешкі, тауық, балықтардың сүйегі табылды.  

Осаннаның айтуынша, тамақ қалдықтары бұл дәмханада қарапайым адамдардың тамақтанғанын көрсетеді.