Қоғам

Қазақстанда тағы 714 адамда коронавирус анықталды

Вирус жұқтырғандардың дені Алматы қаласы мен Павлодар облысында тіркеліп отыр, республика бойынша 157 мыңға жуық адам індетке шалдықты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар – Sputnik. Өткен тәулікте 714 адамда коронавирус диагнозы расталды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Өткен тәулікте 714 адамда коронавирусқа тапсырған ПТР тест оң нәтиже көрсетті.

Оның ішінде:

  • Шығыс Қазақстан облысында - 18946 (+41),
  • Алматы қаласында – 18742 (+103),
  • Нұр-Сұлтан қаласында -18651 (+63),
  • Атырау облысында – 13690 (+81),
  • Қарағанды облысында – 12190 (+40),
  • Батыс Қазақстан облысында – 9287 (+31),
  • Павлодар облысында – 9336 (+92),
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 8743 (+57),
  • Қостанай облысында – 7682 (+59),
  • Ақмола облысында – 7364 (+59),
  • Алматы облысында - 7230(+49),
  • Шымкент қаласында -5516 (+0),
  • Жамбыл облысында – 5030 (+8),
  • Маңғыстау облысында – 3735 (+11),
  • Ақтөбе облысында -3704 (+4),
  • Түркістан облысында - 3687(+9),
  • Қызылорда облысында -3401 (+7).

Пандемия басталғалы республикада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 156 934 адамға жетті.