Әлем

Қытайлық шенеунік COVID пандемиясы шын мәнінде қалай басталғанын айтып берді

Коронавирустың таралуы туралы 2019 жылдың желтоқсан айында белгілі болған еді. Алғашқы жағдай Қытайдың Ухань қаласында тіркелді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар – Sputnik. Коронавирус пандемиясы вирустың әр түрлі елде бөлек-бөлек тарауы салдарынан пайда болды, деп мәлімдеді Қытайдың сыртқы істер министрлігінің басшысы Ван И.

Ол Қытай коронавирусқа шалдыққандар туралы алғаш болып хабарлағанын жеткізді, деп жазады РИА Новости.

"Қытайда белгісіз вирус пайда болған кезде бірден эпидемиологиялық тексеріс басталды. Патоген анықталып, вирус геномы жүйесіне қатысты маңызды ақпарат жарияланды", - деді Ван И.

Оның айтуынша, Қытай пандемия кезінде жалған ақпарат тарауы, жағдайдың саясиландырылуы және стигматизациясымен күрескен.

Коронавирустың таралуы туралы 2019 жылдың желтоқсан айында хабар тарады. Алғашқы жағдай Қытайдың Ухань қаласында тіркелген еді. Жаңа вирусқа COVID-19 атауы берілді. 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекциясын пандемия деп атады.

Ұйым ақпараты бойынша әлемде 82 миллион адам вирус жұқтырған. АҚШ, Үндістан және Бразилияда індетке шалдыққандар саны ең көп.