НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Ош облысындағы әскери бөлімдердің бірінде теракт жасамақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
Ұсталған ер адам – небәрі 22 жаста. Ол атауы көрсетілмеген халықаралық террористік ұйымға мүше.
Қырғызстандық жігіт әскери бөлімде теракт жасамақ болды
© Photo : ГКНБ Кыргызстана
Жас жігіт басшыларының нұсқауымен әскери бөлімдердің бірінде теракт жасау үшін қолдан жарылғыш дайындауы тиіс болған.
Күдіктінің үйін тінту кезінде камуфляж формасы, жилет, әскери аяқ киім, дүрбі, бәкі және шет тіліндегі үндеу парақтары табылды.
Қазір ер адам Ош облысы бойынша МҰҚК басқармасы тергеу изоляторына қамалды.