Қоғам

Тоқаев қазақстандықтарды қуантатын заңға қол қойды

Зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алуға, емделуге және қаржы компанияларына басқаруға беру үшін пайдалануға болады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік беретін заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Биылдан бастап зейнетақы жинағын баспана сатып алу, емделу, қаржы компанияларына басқаруға беру үшін пайдалануға рұқсат етіледі.

Ақша адамның жеке шотына аударылмайды және қолма-қол берілмейді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, зейнетақы жинағының бір бөлігін жұмсау мүмкіндігіне бір миллионға жуық азамат ие болады.

Олар:

  • зейнетақы жинағы бар, қордағы ақшасы "жеткіліктілік шегінен" асатын еңбекке жарамды жастағы азаматтар;
  • Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинағы бар зейнеткерлер;
  • зейнетақы аннуитетін рәсімдеген және шотында жинағы қалған қазақстандықтар.

Сонымен қатар, әртүрлі жастағы азаматтар зейнетақы жинағынан ақша алуы үшін жасына қарай шотта болуы керек соманың жеткіліктілік шегі бар.

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алатын азаматтарға 10% табыс салығын төлеу мерзімін кейінге қалдыру құқығы беріледі.

Олар табыс салығын зейнетке шыққан соң, 16 жыл ішінде бөліп төлей алады.