Фото

Чебурашкадан Нэчжаға дейін: демалыста көретін үздік мультфильмдер жинағы – фото

Sputnik

Жаңажылдық демалыс – күнделікті күйбең тірлікті бір сәтке ұмытып, жайланып отырып қиял әлеміне ерік беріп, сүйікті фильмдерді қайта қарауға мүмкіндік береді.

Мұның бәрі де аязды күн мен суық ауа райында адамдарға жақсы демалыс сыйлай алатын тамаша туындылар екенін көпшілік көрермен біледі.

Таңдау түсіп, іріктелген бұл фильмдер сіздің жаңа жылдық демалыстағы бос уақытыңызды көркейте түседі. Көрермендер ерекше жақсы көретін туындылар қатарында: крокодил Гена мен оның достары, "Унесенные призраками", "Храбрая сердцем", "Смешарики", "Нэчжа", "Холодное сердце", "Ежик в тумане", "Король Лев", "Твое имя", "Маша и Медведь" сияқты көптеген фильмдер бар.

Оқи отырыңыз: 2020 жылғы жойқын табиғи апаттар – жантүршігерлік суреттер

Жаңа жыл – бұл отбасылық мереке. Сондықтан да оларды отбасы мүшелеріңізбен қатар отырып, тамашалауға лайықты дүниелер.

1 / 10
Чебурашка – кеңес заманында түсірілген мультфильм кейіпкері. Алғаш рет көрермендер өздерінің сүйікті кейіпкерлері – Гена атты қолтырауын мен Чебурашканы 1969 жылы экраннан тамашалады. Қазіргі кезде де осы кейіпкерлер бейнесі қуыршақтар мен кәдесыйларда, ашық хаттарда және киімдерде суреті салынып, ыдыс-аяқ түрлері шығарылады. Мультфильм шынымен танымал болғаны соншалық, оны балалар мен ересектер әлі күнге дейін қызыға тамашалап, эпизодттарын айтып отырады.
2 / 10
"Унесенные призраками" анимациялық фильмі ата-анасын құтқаруға тырысқан кішкентай қыз Тихиро туралы. Фильм қазіргі қоғамның мәселелерін әшкерелейтін сатирамен толықтырылған. Хаяо Миядзакидің шедеврі 2001 жылы Жапонияда шықты. Бір жылдан кейін бүкіл әлем бойынша кең тарала басталды. 2002 жылы Берлин кинофестивалінде "Алтын аю", ал 2003 жылы "Үздік анимациялық көркем фильм" номинациясы бойынша "Оскар" жүлдесін иеленді. Кинематографияның ең үлкен дерекқоры – IMDb сайтының қолданушылары жасаған барлық кезеңдегі халықтардың ең жақсы мультфильмдері рейтингінде –"Унесённые призраками" бірінші орынға ие болды.
3 / 10
"Храбрая сердце" анимациялық фильмінен кадр. Миринда ханшайымның іс-әрекеті мен шытырман оқиғалары сиқырға толы нағыз эпикалық дастанға айналды. 2012 жылы шыққан мультфильм көрермендерді жарқын әрі батыл кейіпкерімен баурап алды. Аниматорлардың шеберлігі 2013 жылы өте жоғары бағаланып, "Үздік анимациялық көркем фильм" номинациясы бойынша фильм "Оскар" және "Алтын глобус" сияқты сыйлықтарды жеңіп алды.
4 / 10
"Смешарики. Жаңа маусым" анимациялық фильмінен кадр. Шарға ұқсас жануарлардың шытырман оқиғалары туралы ресейлік анимациялық сериалды ересектер де, балалар да тамашалайды. Өйткені онда көңіл көтеретін сәттер ғана емес, сонымен қатар өте маңызды, тіпті философиялық тақырыптар да қозғалады. Авторлар аудиторияның көңілін көтеріп қана қоймай, көрермендерді ойландыра отырып, тәрбиелеуді мақсат еткен. Анимациялық фильм 2006 жылы экранға шығып, 2014 жылға дейін телеарналардан көрсетілді. Содан кейін көптеген адамдар сериал өз мәресіне жетті деп ойлады, бірақ 2020 жылы авторлар "Смешарики. Жаңа маусым" анимациялық фильмін шығарып, көрермендерді жаңа эпизодтармен қуантты.
5 / 10
"Нэчжа" анимациялық фильмінен кадр. Анимациялық фильм кінәсіздердің қорғаушысы болуға шешім қабылдап, өзінің қараңғы тағдырын сынайтын құдай баласы туралы мифологиялық оқиғаға негізделген. Қытайлық қиял-ғажайып 3D мультфильмі "Нэчжа" 2019 жылы жарыққа шықты және алғашқы 10 күнде-ақ барлық рекордтарды жаңартты. Фильм бір елдегі анимациялық жобалар арасында (Қытай) яғни, ағылшын тілді емес мультфильм бола тұра, әлемдегі ең табысты туындыға айналды.
6 / 10
"Холодное сердце" анимациялық фильмінен кадр. Disney студиясының тағы бір туындысы "Оскар" жүлдесінің иегері. Апалы-сіңлілі екі ханшайым туралы мультфильм сыншылардың да, әлемнің көптеген көрермендердің де оң пікірін алған. Қар ханшайымы туралы ертегінің интерпретациясы толеранттылық, отбасылық құндылықтар, махаббат пен сатқындық сияқты қазіргі қоғамды толғандыратын көптеген тақырыптарды қозғаған.
7 / 10
"Ежик в тумане" мультфильмінен кадр. Қарапайым сюжетте кірпінің қонжықпен бірге сапарында – өмір құпиясы мен мәні туралы философиялық пікірталас бар. Бұл мультфильмде жасалған суреттер тез танылып, дәйексөзге айналды және қазіргі мәдениетте символдық мәнге ие болды. Кеңестік анимациялық фильм 1975 жылы өзінің ерекше графикалық қойылымымен ерекшеленді. Жұмыс көптеген халықаралық және бүкілодақтық марапаттарға ие болды.
8 / 10
"Король Лев" анимациялық фильмінен кадр. Фильм көптеген марапаттардың лайықты иегері. Бұл туынды "Алтын глобустың" үш жүлдесіне, екі "Оскар" және үш "Грэмми" марапатының иегері. "Король Лев" анимациялық фильмінің кассасы рекордтық сома жинады және бұл соңғы 30 жыл бойы еш өзгеріссіз келеді.
9 / 10
"Твое имя" анимациялық фильмінен кадр. Жапон мәдениетінің дәстүрлері негізінде жасалған туынды философиялық толғанысқа толы. Танымал аниме жанрындағы фильм 2016 жылы Лос-Анджелестегі Anime Expo тақырыптық фестивалінде көпшілік назарына ілікті. Жұмбақ әрі романтикалық оқиға жанры жанкүйерлерді бірден баурап алды.
10 / 10
"Маша и медведь" анимациялық фильмінен кадр. 2009 жылдан бастап ресейлік анимациялық сериал көрермендерді қуантып келеді. Кішкентай қыздың және үнсіз аюдың шытырман оқиғалары туралы күлкілі әңгімелер орыс аудиториясын ғана емес, бүкіл әлемге танымал болды. Сондықтан да авторлар Машаға түрлі елдерге саяхат жасатып, Италия, Германия, Франция, Жапония, Бразилия және басқа да елдердің ұлттық әндерін орындатып, бірқатар әңгімелер құрастырды.