Оқиға

Ресейде ер адам автобустың 20-дан астам жолаушысын кепілге алды

Южно-Сахалинск қаласында жиырмадан астам жолаушыны кепілге алған адамды күштік құрылым қызметкерлері ұстады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. Ресейдің Южно-Сахалинск қаласында ер адам автобусты басып алып, өзін және жолаушыларды жарып жіберемін деп қорқытты. Бұзақыны ұстаған күштік құрылым қызметкерлері оның бұл қадамға не себепті барғанын анықтап жатыр.

Автобустың ондаған жолаушысы мен жүргізушісін салонға кіріп, жарылыс жасаймын деген Южно-Сахалинск тұрғыны кепілге алды, деп хабарлады РИА Новости.

Оқи отырыңыз: Ақтауда екі ер адам әйелді кепілге алды 

Хабарлама түскеннен кейін бірнеше минут ішінде оқиға орнына полиция қызметкерлері, құтқарушылар, өрт сөндірушілер, Ресей ұлттық ұланының әскери қызметшілері, дәрігерлер мен жол-патрульдік қызметтің өкілдері келді.  

Біраз уақыттан кейін жедел-құтқару қызметтерінің өкілдері адамдарды автобустан шығарды. Бұзақының өзі ұсталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаскүнемнен ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Ер адам полиция бөліміне жеткізілді.