Әлем

Ер адам коронавирустан емделемін деп өліп кете жаздады

Ұлыбританияда ер адам коронавирус індетін жұқтырдым деп ойлап, өте көп – тәулігіне бес литр сұйықтық ішкен
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. Күн сайын бес литр су ішкен британиялық Люк Уильямсон ауруханаға жатқызылды: ол көп сұйықтық ішу коронавирусқа көмектеседі деп естіген. Бұл туралы Daily Mail сайты хабарлады.

Алайда ер адам басқа бір қауіпті ескермеген: мұндай мөлшердегі сұйықтықпен ол денесіндегі натрийдің бәрін шайып жіберген.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан қорғану үшін қалай тамақтану керек 

Науқасты әйелі Лаура құтқарып қалды, ол күйеуінің жуынатын бөлмеде құлап қалғанын естіп, дәрігер шақырған. Ол әйелінің сұрағына жауап бермеген, ал есік жабық болған. Дәрігерлер 45 минутта келді. 

"Ауруханада ол талып қалды. Оған суды тым көп ішкеннен натрий деңгейінің төмендеп кетуі себеп болды", - деп түсіндірді Люктің әйелі.

Британдықты ауруханаға жеткізген кезде дәрігерлер оның әйеліне келесі күні өте ауыр болатынын айтқан. Люк бірнеше күн бойы жансақтау бөлімінде қолдан тыныс алдыру аппаратында жатты.  

Дәрігерлер оның әрекеті мидың ісінуіне әкеп соқтырған деген қорытынды жасады. Қазір ер адамның жағдайы жақсарып келеді, көп ұзамай қалыпты өмірге оралуы мүмкін.