Қоғам

Тоқаев жаңа жылдың алғашқы күнінде қалай демалып жүргенін көрсетті

Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жылда түсірілген алғашқы фотосын жариялады
Sputnik

АЛМАТЫ, 1 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram парақшасында табиғат аясында түскен фотосын жариялап, жаңа жылдың алғашқы күнін қалай өткізіп жатқанын көрсетті.

Осылайша Қазақстан президенті демалысты әрі жаңа жылдың алғашқы күнін қалай өткізу қажет екенін сөзбен емес, іспен көрсете білді. Алайда мемлекет басшысы фотоның қай жерде түсірілгенін нақтылаған жоқ. Фотоның саябақтардың бірінде түсірілгенін байқауға болады.

"Жаңа жылдың бірінші күні", - деп жазды Қазақстан президенті Instagram парақшасында.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл фотосына желідегі оқырмандары ізгі тілегін білдіріп, зор денсаулық тілеп жатыр.

Айта кетейік, мемлекет басшысының Instagram парақшасында 1,7 миллион оқырман бар, бұған дейін 96 жазба жариялаған.

Сонымен қатар 2020 жылы президент Twitter-де 630-дан астам, ал Instagram-да 30 хабарлама жариялады.

Қоғамжаңа жылҚасым-Жомарт Тоқаев