Қоғам

Тағы бір облыс "қызыл" аймаққа кірді

Коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта қазіргі уақытта Ақмола және Атырау облыстары бар
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысы 31 желтоқсанда "қызыл" аймаққа қайта оралды.

Сонымен, қазіргі уақытта "қызыл" аймаққа екі облыс енген – Атырау және Ақмола өңірлері.

"Сары" аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстары.

"Жасыл" аймақта – қалған өңірлер.

Еске сала кетсек, 29 желтоқсанда Ақмола және Павлодар облыстары "қызыл" аймақтан шыққан еді.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 795 жағдай тіркелді. 93 адамның коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдыққаны анықталды. Коронавирустан он адам, ковидтік пневмониядан бір адам көз жұмды.

Қазіргі уақытта 22 102 науқас короновирус инфекциясынан (9 961 КВИ+ және 12 141 КВИ-) емделуде. Науқастардың арасында 270 адамның жағдайы ауыр, 48 пациент хәл үстінде жатыр, ал 44 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.