НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан - Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 795 адамда ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 795 жағдай тіркелді.
Республикада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 154 720 адамға жетті.
Оның ішінде:
- Шығыс Қазақстан облысында - 18826 (+46),
- Нұр-Сұлтан қаласында -18446(+120),
- Алматы қаласында - 18411(+87),
- Атырау облысында - 13450(+116),
- Қарағанды облысында - 12068(+39),
- Батыс Қазақстан облысында - 9192(+30),
- Павлодар облысында - 9037(+72),
- Солтүстік Қазақстан облысында - 8571(+59),
- Қостанай облысында - 7505(+58),
- Ақмола облысында - 7190(+55),
- Алматы облысында - 7083(+51),
- Шымкент қаласында -5507(+5),
- Жамбыл облысында - 4995(+15),
- Ақтөбе облысында -3685(+9),
- Маңғыстау облысында - 3701(+19),
- Түркістан облысында - 3667(+6)
- Қызылорда облысында -3386(+8).