Видео

Екі апта ғана тұрды: Оклендте Бреонна Тейлордың бюстін бұзақылар бұзып кетті – видео

Американың Окленд қаласындағы Латам алаңында белгісіз адамдар Бреонна Тейлордың бюстін сындырды. Вандализм ескерткіштің ашылғанына екі аптадан кейін орын алды
Sputnik

Бұл мүсін тұрғындар мен полиция қызметкерлері арасында болған атыс кезінде қаза тапқан қара нәсілді бойжеткен құрметіне арналған еді.

Ал бұған дейін АҚШ-та полицияның қара нәсілді тұрғындарға қатал қарым-қатынасынан туындаған жаппай тәртіпсіздік толқыны бүкіл Американы шарпыды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда "тоқыма" шырша орнатылды - видео

Айта кетейік, антинәсілшілдік наразылықтар Миннеаполисте афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін басталды. Ол полиция қызметкерлерінің ұстау кезінде күш қолдануы нәтижесінде қайтыс болды.