НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан — Sputnik. Норвегияның Румерике аймағында сәрсенбі күні көшкін жүрді. Он беске жуық үй балшықтың астында қалып, 12 адам із-түссіз жоғалды, бір жарым мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды.
Ослодан солтүстік-шығысқа қарай орналасқан Румерике аймағында сәрсенбіге қараған түні көшкін жүрді, деп хабарлайды РИА Новости NRK телерадиокомпаниясына сілтеме жасап.
Салдарынан бірнеше адам зардап шекті, он екі адам хабар-ошарсыз кетті. Олар көшкіннің салдарынан құлаған үйлерде тұрған.
Округте 1,5 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді, полиция аман қалғандарды іздеп жатыр.
Адамдарды құтқару жұмыстарына тікұшақ та тартылды.
30 желтоқсан күндіз оқиға орнына Норвегия премьер-министрі Эрна Сульберг келді. Ол барлық зардап шеккендер мен баспанасыз қалғандарға көмек көрсетілетінін мәлімдеді.