Әлем

Америкалық "Томагавктың" мүмкіндігі қандай?

Америкалықтар Tomahawk қанатты зымыранының жаңа модификациясы – Block V-ны сынақтан өткізді. Тынық мұхитындағы Гавайи аралдарына жақын маңда Chafee эсминеці теңіз полигонындағы нысандарға оқ атты. АҚШ Әскери-теңіз күштері бәрі ойдағыдай өткенін хабарлады
Sputnik

Пентагондағылар Block V әзірлемесін Қытайдың әскери-теңіз әлеуетін күшейтудің қарқынымен ақтап отыр. ҚХР шынымен де суүсті кемелері мен суасты қайықтарын жылдам құрастырып, оларды қаруландыру мен борттық жүйелерді белсенді дамытуда. Америкалықтар Әлем мұхитындағы басымдылығын жоғалтып аламыз деп қорқып отыр. Сарапшылардың пікірінше, 2035 жылға қарай Қытайда 420 кеме болады, деп жазады РИА Новости. 

Су-57 және С-70: жаңа ресейлік қару-жарақтың ерекшелігі неде?
Сондықтан Пентагон кемеге қарсы қару-жараққа тапсырысты арттырды. 2025 жылға дейін жер бетіндегі ірі нысандарды үлкен қашықтықта жоя алатын 850 зымыран сатып алу жоспарланған. Соңғы уақытқа дейін америкалық теңізшілердің арсеналында тек өткен ғасырдың 70-шы жылдарында әзірленген кемеге қарсы "Гарпундар" болды. Алайда, 2018 жылы Әскери-теңіз күштері 900 км дейінгі қашықтықтағы теңіз нысандарына соққы жасай алатын гипердыбысты AGM-158C LRASM қол жеткізді.

Алайда, жаңа қару әлі топтамаға енген жоқ. Сондықтан, LRASM өндірісімен қатар, Пентагон 1990 жылдардың ортасында Block II жүйесін қаруландыруға қабылдау салдарынан жоғалтқан кемеге қарсы мүмкіндіктерін "Томагавкке" қайтаруды жөн көрді. Block V жүйесін төртінші буынның қаруына айналдыру жоспарланғаны белгілі.

Бірінші нұсқа Block Va деп белгіленіп, кемелер мен сүңгуір қайықтарда жерүсті нысандарына қарсы қолданылады. Бұл нұсқа MST (Maritime Strike Tomahawk – "теңізден соққы жасаушы "Томагавк") деп аталды. Мамандардың айтуынша, оның конструкциясында белсенді және пассивті радиолокациялық және тепловизиялық бағыттау арналары орналастырылып, мәліметтерді өңдеудің қуатты процессорымен және жаңа инерциялық бағыттау блогымен жабдықталады. Осы "Томагавк" 1600 километр қашықтыққа дейінгі су үстіндегі ірі қозғалмалы нысандарды жоя алады.

Тағы Block Vb бар. Бұл жер бетіндегі нысандарға соққы жасауға арналған классикалық "Томагавк". Оның Joint Multiple Effects Warhead System (JMEWS) жаңа жауынгерлік бөлігі бар. Бағдарламаланатын көп нысанды жарғыш жауынгерлік бөлікті ауада жарып жібере алады. Бұл зымыран нығайтылған жерасты бункерлеріне де, қарапайын әскери нысандарға да шабуыл жасай алады.

Defense News интернет порталының мамандары не себепті "Томагавк" бүгінде өзекті екені жайлы пікірімен бөлісті. Біріншіден, Block V алдыңғы үлгілеріне қарағанда айтарлықтай дәлдігі жоғары, оның ұзақтығы Тынық мұхитындағы DF-26 және DF-21 қытайлық зымырандарына тиімді қарсы тұруға жетеді. Екіншіден, модификацияланған "Томагавк" радиоактивті күрес құралдарынан қорғалған және көзге түсу деңгейін төмендететінтехнологиямен әзірленді.

Қазақстан АҚШ-тан екі барлау ұшағын сатып алмақшы
Үшіншіден, зымыранның дыбысқа дейінгі жылдамдығы әлдеқайда жылдам бәсекелестерден басым болуға мүмкіндік береді. Бесінші нұсқадағы "Томагавк" жанармай шығыны бойынша үнемдірек, соның нәтижесінде тиімді әрекет етуінің қашықтығы да  жоғары. Төртіншіден, бұл зымыран салыстырмалы түрде арзан. Block V-ның бір рет іске қосылуы салық төлеушілер үшін бір миллион долларды қамтиды. Мысалы, SM-6 жоғарыдыбысты зымыранының құны төрт есе қымбат.

Ал Block V көлемі бойынша алдыңғы нұсқалардан ерекшеленбейді. Сондықтан, оны Mk41 ескі қондырғыларында қолдануға болады. "Арли Берк" эсминеці мен "Тикондерога" крейсері осы қондырғымен жабдықталған. Сондай-ақ, "Лос-Анджелес", кейбір "Огайо", "Вирджиния" және "Сивулф" суасты қайықтары конструкциясына өзгерістер енгізбей-ақ дәл осы зымырандарды пайдалана алады. Қос нұсқадағы Tomahawk Block V топтамалық өндіріске 2023 жылға қарай енгізіледі деп жоспарланып отыр.

Ресейлік "Калибр" қанатты зымырандары АҚШ "Томагавктерінің" жақын баламасы деп саналады. Орыстар оны 2015 жылдың күзінде соғыс жағдайында алғаш рет сынақтан өткізген болатын. Әскери-теңіз күштерінің кемелері бір уақытта Сирияда террористердің 26 нысанына жаңа қарумен шабуыл жасап, дөп тиді. 22350 және 11356 жобаларының фрегаттары, 20385 жобасының корветтері, 21631 және 22800 жобаларының шағын зымыран кемелері, сондай-ақ 885, 636.3, 677, 971 және 877 жобаларының сүңгуір қайықтары осы зымырандармен жабдықталған.

"Калибр" тобына жататын зымырандардың толық сипаттамасы белгісіз. Алайда, Владимир Путин 2017 жылдың 19 қазанында "Валдай" клубында сөйлеген сөзінде бұл зымыранның ұшу қашықтығы 1400 километрді құрайтынын және бұл жаңа "Томагавктармен" бірдей екенін айтты. Жердегі нысандар бойынша ату қашықтығы – 2-2600 километр.

Ресей теңізшілері Ұлы Петр шығанағында америкалық кемені кері қайтарды
2018 жылдың қаңтарында кейбір БАҚ Қорғаныс министрлігіндегі дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Ресей кемеде орналастырылатын "Калибр-М" модернизацияланған қанатты зымыран құрастырып жатқанын хабарлады. Олардың айтуынша, шабуыл қашықтығы 4,5 мың шақырымнан асады.

Қолда бар деректерге қарағанда, "Калибр-М" тактикалық және техникалық сипаттамалары бойынша америкалық жаңа "Томагавктан" асып түседі. Алайда, қанатты зымыран тасымалдағыштардың саны бойынша Америка алда тұр. АҚШ-тың Әскери-теңіз күштерінде дәлдігі жоғары қарумен жабдықталған жүзден астам жерүсті және суасты кемелер бар. Ресейде мұндай техника саны 20-дан сәл ғана асады.