Күш қолдану қаупі БҰҰ Жарғысын тікелей бұзу болып табылатындықтан, мұндай әрекеттер біздің тараптан тиісті жауапсыз қалмайды". Ресей қорғаныс министрлігі "серіктестерге" Ресейдің шекарасына жақын аймақтағы НАТО әскерінің әрекеті жағымсыз салдарларға алып келуі мүмкін екенін ескертті. Ресей шекараларына жақын маңда Солтүстік Атлантикалық альянстың болуы және Батыс Еуропаның жекелеген саясаткерлерінің жауапсыз мәлімдемелері жағдайды одан әрі ушықтыруда.
Мұндай жағдайда Ресей жоғары технологиялық қаруландыру саласында ауқымды іс-шараларды қабылдауға мәжбүр.
Егер Пентагон мен оның еуропалық одақтастарында Ресейдің әскери әрекеттер театрында (ӘӘТ) жеңіске жетудің аз ғана мүмкіндігі болса, Мәскеу баяғыда-ақ НАТО-ның айқын қысымын сезінер еді. Югославиядағы "Одақтас күштерді", Ирактағы "Шөл дауылын", Ливиядағы "Одиссея таңын" ешкім ұмытқан жоқ. Алайда, мұндай әрекеттер Вашингтон мен Брюссельдің қолы тым қысқа болып отыр. Альянстың ресейлік жоғары технологиялық "Авангардтар", "Искандерлер", "Циркондар", "Кинжалдар", "Посейдондар", "Борей-А" мен "Ясень-М" секілді қару-жарақпен теңдесетін жауабы болмай тұр. Жоғарыда аталғандардың сипаттамаларына сәл де болса ұқсас баламалары да жоқ.
Гипердыбысты қару-жарақ мәселесінде көш кейін қалғанына қарамастан АҚШ жауынгерлік қолданыстағы барлық салада "ықпалдастырылған қуаттылыққа" деген ұмтылысынан бас тартар емес. 2020 жылдың аяқталар шағында Пентагон "Теңіздегі басымдылық" атты жаңа стратегияны жариялады. Құжат АҚШ әскери-теңіз күштерінің, теңіз жаяу әскерінің және АҚШ жағалау күзетінің ықпалдастырылған теңіз қуатын құруды көздейді. Әлем мұхитында басқа елдерге қатысты үстемдік ету басты мақсат болып отыр. Сонда "АҚШ-тың ағымдағы онжылдықтағы әрекеттері ХХІ ғасырдың қалған кезеңіндегі күштердің теңіз тепе-теңдігін анықтайды".
Адмиралдар "үлкен қашықтыққа оқ ататын жүйелері мен гипердыбысты қару жердегі нысандарға соққы жасаудың жаһандық мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді" деп атап көрсеткен.
Алайда, 25 желтоқсанда АҚШ-тың HAWC гипердыбысты зымыранының алғашқы сынағы сәтсіз аяқталды. Бірақ, 2020 жылы бұдан басқа сынақтар болмайды. Американың үлкен қашықтыққа оқ ататын жүйелері ешқашан жоғары технологиялық қарсыласпен соғыста сыналған емес. Есесіне, әлсіз қаруланған тәлібтер авиациясыз және флотсыз АҚШ пен оның одақтастарын іс жүзінде жеңе алды.
Пентагонның жаңа стратегиясы Құрама Штаттарының мүддесі бірінші орында тұратынын және ғаламшардағы басқа мемлекеттердің пәкәрі мен құқықтары америкалықтарға қызық емес екенін кезекті рет дәлелдеді.
Ресей мен Қытай бейбіт өмір мен дамуды өте жоғары бағалайды. Себебі, өткен ғасырдағы соғыстар кезінде қаза тапқан миллиондаған құрбан әлі естен шыққан жоқ. Екінші дүниежүзілік соғыста Америка Құрама Штаттарының адам шығыны 2020 жылы коронавирус пандемиясындағыдан аз. Америка қалалары ешқашан бомбаланған емес. Бұқаралық ақпарат құралдары мен Голливуд халықаралық аренадағы мызғымастығы мен жүгенсіздігіне Ақ үй мен Америка қоғамын сендірді.