НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының антирейтингін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Зерттеу жұмыстарын "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізді. Рейтингке ІІМ, ҰҚК және қорғаныс министрлігіне бағынышты ЖОО-лардан басқа еліміздің барлық жоғары оқу орындары қатысты.
Ал рейтингті жасау барысында түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері, білім беру бағдарламаларының сапасы және білім алушылардың жетістіктері ескерілген.
Зерттеу нәтижелері бойынша 2020 жылы түлектерді жұмысқа орналастырудың орташа крсеткіші өткен жылдар деңгейінде қалып отыр және 71%-ті құрайды.
Оқи отырыңыз: Грантсыз қалған ЖОО-лардың тізімі жарияланды
Жұмыс берушілердің пікірі бойынша 2020 жылдың аутсайдерлері:
- "Сырдария" университеті;
- Шымкент университеті;
- Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті;
- "Астана" университеті;
- Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті;
- Академик А.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті;
- Шет тілдер және іскерлік карьера университеті;
- Қазақ-орыс халықаралық университеті;
- Қызылорда қаласының "Болашақ" университеті;
- "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институты.
АЙта кетейік, "Сырдария" университеті мен Шымкент университеті, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университет және "Астана" университеті үшінші жыл қатарынан аутсайдерлер қатарына еніп отыр.