НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. 21 және 27 желтоқсан аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 66 адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 9,
- Алматы қаласы – 19,
- Ақмола облысы – 2,
- Ақтөбе облысы – 1,
- Алматы облысы – 4,
- Атырау облысы – 5,
- Шығыс Қазақстан облысы – 4,
- Жамбыл облысы – 1,
- Батыс Қазақстан облысы – 9,
- Қарағанды облысы – 1,
- Қостанай облысы – 3,
- Павлодар облысы – 8.
Алдыңғы аптада, 14 желтоқсаннан 20 желтоқсанға дейін республикада COVID-тен 49 адам қайтыс болды.
Қазақстанда пандемия басталғалы бері коронавирус инфекциясынан 2267 адам көз жұмды.